Дольче мен Габбана түрмеге жабылды

Фотография - Дольче мен Габбана түрмеге жабылды

Әйгілі итальяндық тігіншілер Доменико Дольче мен Стефано Габбана салықтан жалтарғаны үшін 1 жыл сегіз айға түрмеге қамалды.

232 0

Әйгілі итальяндық тігіншілер Доменико Дольче мен Стефано Габбана салықтан жалтарғаны үшін 1 жыл сегіз айға түрмеге қамалды. Бұл жайында BBC Russian хабарлайды.

Үкім Милан қаласындағы сот залында оқылды. Алайда, қос модельердің екеуі де бұл сот процесіне қатысқан жоқ. Мұның алдында атақты тігіншілер өздеріне тағылған айыпты жоққа шығарып, миллиондаған доллар қаражатты салықтан жасырғанымыз жоқ деген болатын.

Дегенмен, Дольче мен Габбана соттың бұл үкімін апелляцияға береді деп күтілуде.

Ал, апелляциялық процестің ұзақтығын ескерсек, тігіншілердің екеуі де абақтыға мүлдем қамалмауы мүмкін.

Миланда өткен сот отырыс кезінде прокурор айыптыларға 2,5 жыл мерзім беруін сұранған. Бірақ сот оның қалауын орындамады.


Тегтер:

мода

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!