Венада Қазақстан киносының күндері өтуде

Фотография - Венада Қазақстан киносының күндері өтуде

Австрия астанасының орталық көшесінде орналасқан BURG KINO кинотеатрында Қазақстан киносының күндері өтуде. 

208 0

Австрия астанасының орталық көшесінде орналасқан BURG KINO кинотеатрында Қазақстан киносының күндері өтуде. 

Фильмдер көрсетілімі «Біздің көмегіміз – сіздің қолыңызда» акциясының аясында ұйымдастырылған. Акцияның мақсаты – сал ауруымен ауыратын балаларға қолдау көрсету. Австриядағы Қазақстан студенттерінің қауымдастығы балаларды сауықтыру шараларына арналған бейнематериал мен үнпарақтар дайындауға мұрындық болған. Онда австриялық дәрігерлердің емдік жаттығулары көрсетілген. Материалдар қазақ және орыс тілдерінде жарық көретін болады. Бұл қазақстандық студенттер өткізген алғашқы шара емес. Бұған дейін де бірнеше қайырымдылық акциясы ұйымдастырылған еді. Сол елдегі Қазақстан елшілігі мен «Қазақфильм» киностудиясы әрқашан қолдау көрсетіп келеді. Веналықтар мен қала қонақтары режиссер Ақан Сатаевтың «Жаужүрек мың бала» фильмін тамашалады. Алдағы күндері Ермек Тұрсыновтың «Шал», Ерлан Сағыновтың «Болашақ үшін» және Ерлан Нұрмұхамбетовтың «Аңшы бала» туындылары көрсетіледі.

Аима САМАТОВА, Австриядағы Қазақстан студенттері қауымдастығының президенті:

- Кино күндерінің билетінен түскен қаражат бейнематериалдарды көптеп шығаруға жұмсалады. Сауықтыру шараларынан түскен ақша Қазақстандағы сал аруына шалдыққан баласы бар отбасыларына беріледі.

Маргит БОНЕЛЛ, Вена қаласының тұрғыны:

- Фильм маған өте ұнады. Әдемі түсірілген, костюмдері де өте әдемі. Табиғат керемет екен. Қазақстан халқының мәдениеті мен тарихи құндылықтары көрсетілген. Көреремендер сіздердің елдеріңіз туралы көп мәлімет алды.


Тегтер:

кино

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!