Әнші Луина жаңа әнін Астанаға арнайды

Фотография - Әнші Луина жаңа әнін Астанаға арнайды

Отандық эстраданың жарық жұлдызы, «Луина» есімімен әнсүйер қауымға жақсы таныс Луиза Кәрінбаеваның жаңа әні шықты деп хабарлайды.

359 0

Отандық эстраданың жарық жұлдызы, «Луина» есімімен әнсүйер қауымға жақсы таныс Луиза Кәрінбаеваның жаңа әні шықты деп хабарлайды.

Әншінің продюсері Жомарт Сүлейменовтің мәлімдеуінше, сиясы кеппеген туынды Астанаға арналыпты.

«Астана» деп аталатын әнді елорданың 15 жылдық мерейтойына тарту еткелі отырмыз. Сөзі мен әнін Жалын Ғалым жазған шығарманың бағасын тыңдарман бере жатар», - дейді «National Development Group» продюсерлік орталығының негізін қалаушы Жомарт Сүлейменов.

Сондай-ақ, отандық радиотолқындар эфирі арқылы таралып жатқан әнге бейнебаян түсіру де жоспарда бар көрінеді. Ал ән тұсауы «Сарыарқа» велотрегінде өтетін «Асқақтай бер, Астана!» мерекелік гала-концертінде кесіледі.

Луина-Луизаның үлкен сахнаға қадам басқанына екі жылдан асты. Х-фактор музыкалық байқауына қатысып, жартылай финалға дейін жеткен ол қай концертте болмасын жанды дауысты ән шырқағанды ұнатады.


Тегтер:

музыка

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!