Астанада «Қан мен тер» романының ағылшын тіліндегі нұсқасының тұсауы кесілді

Фотография - Астанада «Қан мен тер» романының ағылшын тіліндегі нұсқасының тұсауы кесілді

Бүгін Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада КСРО және ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы Әбдіжәмил Нұрпейісовтің «Қан мен тер» («Blood and Sweat») және «Соңғы парыз» («Final respects») романдарының ағылшын тіліндегі нұсқаларының тұсаукесері болды

243 0

Бүгін Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада КСРО және ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы Әбдіжәмил Нұрпейісовтің «Қан мен тер» («Blood and Sweat») және «Соңғы парыз» («Final respects») романдарының ағылшын тіліндегі нұсқаларының тұсаукесері болды.

Кеңес Одағы кезінде «Қан мен тер» трилогиясы әлемнің 34 тіліне аударылғанымен, ағылшын тілді оқырманға енді ғана жол тартып отыр. Мамырдың соңында Вашингтон мен Нью-Йоркта тұсаукесері өткен қос роман «Алтын қыран» қайырымдылық қорының демеушілігімен нью-йорктық «Либерти» баспасында шығарылды.

Шараға кітаптардың авторы Әбдіжәмил Нұрпейісовтің өзі және ММУ профессоры, жазушының досы Николай Анастасьев, АҚШ елшісінің атташесі, басқа да елшілік өкілдері мен қазақ әдебиетінің майталмандары қатысты.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!