«Жәнібек батыр» кітабы жарық көрді

Фотография - «Жәнібек батыр» кітабы жарық көрді

Таяуда Қазақстан Жазушылар одағының, Еуразия жазушылар одағының мүшесі, қаламгер Жәди Шәкенұлының «Жәнібек батыр» атты жаңа зерттеу кітабы Алматыдағы «Мерей» баспасынан жарық көрді

468 0

Таяуда Қазақстан Жазушылар одағының, Еуразия жазушылар одағының мүшесі, қаламгер Жәди Шәкенұлының «Жәнібек батыр» атты жаңа зерттеу кітабы Алматыдағы «Мерей» баспасынан жарық көрді.

Бұл туынды Жоңғар шапқыншылығы кезінде қазақ халқының азаттығы үшін жан аямай күресіп, ерен ерлік көрсеткен Ер Жәнібек Бердәулетұлының (1714-1792) ерлік іздері мен батырды ұлықтауға қатысты атқарылған іс-шаралар төңірегінде сөз қозғайды. Тарих қатпарына тереңдей үңілген жазушы еңбегі Ер Жәнібектің Абылай, Қабанбай, Бөгенбай бастаған ірі тұлғалармен қатар жүрген батырлық бет-бейнесін біршама ашып көрсеткен.

Әдебиеттік сілтеме, құжат, сурет сынды нақты айғақтар қамтылған соны деректердің ізденуші жастар мен ғалымдарға, жалпы оқырманға берері мол.

Жазушының бұған дейін «Ақбота», «Балқаймақ», «Қытайдағы қазақтар», «Бір уыс сəуле», «Жалғыздың үні», «Қаралы көш», «Ақ балапан» деп аталатын шығармалары əр жылдары жарық көрген болатын. Аталған туынды тәуелсіздік жылдарында жоғы түгенделіп жатқан қазақ тарихын тағы бір кітаппен толықтырды.

«Жәнібек батыр» шығармасының бүгінгі ұрпақты отаншылдық, ерлік рухына тәрбиелеудегі маңызы зор.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!