Қытайда қазақ жазушысының атында кітап үйі ашылды

Фотография - Қытайда қазақ жазушысының атында кітап үйі ашылды

Қытайдағы белгілі қазақ жазушысы Әкбар Мәжит атындағы кітап үйі Іле облысына қарасты Қорғас қаласында ашылды

143 0

Қытайдағы белгілі қазақ жазушысы Әкбар Мәжит атындағы кітап үйі Іле облысына қарасты Қорғас қаласында ашылды. Бұл туралы «Тәңіртау» сайты хабарлады. 

Қандасымыздың атында ашылған кітап үйінде қазірдің өзінде 9000-нан астап кітап бар. Олардың көбін қаламгер Әкбар Мәжитұлы мен Қытай Жазушылар қоғамының жазушылары сыйға берген екен. Кітап үйінде қазақ тілді кітаптардан өзге ұйғыр, қытай тілдерінде жарық көрген тарихи, әдеби туындылар да баршылық.

Айта кетейік, Әкбар Мәжитұлы қазір Қытай сенатының депутаты, Қытай жазушылар баспа тобы басқару комитеті басшысының орынбасары. «Қытай жазушылары» журналының бас редакторы болған жазушының тырнақалды туындысы – «Нұрман қарт және оның тазысы» мақаласы 1979 жылы республикалық сыйлықты еншілегеннен бері Қытайдағы қазақ әдебиеті әлеміне өлшеусіз үлес қосып келеді.

«Кітап – білімнің қайнары. Кітап үйіндегі кітаптардың көбін көп жылдардан бері өзім жинадым. Соның барлығын барша оқырманның оқуына ұсынып отырмын»,-дейді жазушы.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!