Елордада Халықаралық «Астана кештері» өнер фестивалі ашылмақ

Фотография - Елордада Халықаралық «Астана кештері» өнер фестивалі ашылмақ

Кешті Ресейдің халық әртісі Святослав Бэлза жүргізеді.

263 0

27-29 маусым аралығында Астана қаласының Бейбітшілік сарайында II Халықаралық «Астана кештері» өнер фестивалі аясында классикалық әндердің ресейлік және қазақстандық шеберлерінің үш қайырымдылық концерті өтеді.

Фестивальдi Дариға Назарбаева «Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен қазақ халқының әндерімен ашады. Сонымен қатар, атақты ресейлік «Kvatro» ұжымымен бірге ән шырқайды.

"Астана кештерi" фестивалi Дариға Назарбаеваның патронажымен елордада қатарынан екiншi жыл өткiзiлуде. Бұның алдындағы фестивальға 4 мыңнан астам адам қатысқан. Биыл Бейбiтшiлiк және келiсiм сарайында өтетiн мәдени шара дәл сондай көп көрермен жинайды деп сенемiн. Концерт халық үшiн - тегiн", - дедi фестиваль алдында өткен баспасөз мәслихатында ҚР халық әртiсi, ҚР Ұлттық өнер университетiнiң ректоры Айман Мұсақожаева.

Фестивальдің екінші күні тыңдармандарды орыс романстары күтеді. Бұл лирикалық ән жанрын петерборлық романс жұлдыздары, Марий театрының солистері - Галина Ковзель (сопрано), Владимир Самсонов (баритон), Ирина Матаева (сопрано), Евгений Акимов (тенор) ұсынады.

Үшінші күнгі кеш қазақстандық және ресейлік шеберлердің орындауында классикалық әндердің басын қосады. Мемлекеттік «Солистер академиясы» камерлық оркестрінің сүйемелдеуімен, танымал ресейлік дирижер Евгения Бушковтың жетекшілігімен ҚР халық әртісі Айман Мұсақожаева (скрипкашы), ҚР еңбек сіңірген қайраткері Тимур Орманшеев, (фортопиано), халықаралық конкурстың жеңімпазы Денис Шапалов (виолончель, Ресей) өнер көрсетеді. Өнер майталмандары Чайковский, Бах, Бетховен шығармаларын орындайды.

Кешті Ресейдің халық әртісі Святослав Бэлза жүргізеді.

«Бұл концерттер Астана күнінің мерейтойын тойлауда мерекелік көңіл-күй сыйлайды және оның мәдени жағдайына қызмет етеді. Әлемдік мәдени жауһарларға тәнті болуға асыққан тыңдармандар үшін классикалық әнді шырқау мен үшін үлкен абырой»,- деп атап өтті Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаева.

Шараны ұйымдастырушы «Дегдар» гуманитарлық қоры және JTI компаниясы өкілдерінің пікірінше, биылғы фестиваль әннің ең жарқын мерекесіне айналатынына және Астана мерейтойына лайықты сый болмақ.

Концертке кіру тегін, ән кешіне шақыртуды ҰОС ардагерлері және мүмкіндігі шектеулі жандар алды. Тегін билеттер Бейбітшілік және келісім сарайының кассасында таратылады.


Тегтер:

сурет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!