Ақордада үздік журналистер марапатталды

Фотография - Ақордада үздік журналистер марапатталды

Бүгін Ақордада Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин еліміздің үздік журналистеріне сыйақылар, гранттар мен алғыс хаттар табыс етті.

390 0

Бүгін Ақордада Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин еліміздің үздік журналистеріне сыйақылар, гранттар мен алғыс хаттар табыс етті.

Мемелекеттік хатшы Қазақстанның журналистер қауымын кәсіби мерекелерімін – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен құттықтап, бұқаралық ақпарат құралдарының елдің дамуы мен халық тағдырында алатын рөлінің маңыздылығына тоқталып өтті.

«Бұл марапат өздерінің кәсіби біліктілігімен ерекшеленген таңдаулы журналистерге беріледі. Баспасөз өкілдерін ынталандыруға арналған бұл шара жылдағы жақсы дәстүрге айналды. Біздің еліміз БАҚ-тың деңгейі биік және мемлекетшіл болуына мүдделі. «Халықтың көзі, үні, һәм құлағы» деп Ахмет Байтұрсұнов айтқандай, қоғамдағы рөлі зор. Бұқаралық ақпарат құралдары қазіргі жаһандану дәуірінде мемлекеттілікті сақтауға, тәуелсіздікті нығайтуға халықты ортақ мақсатқа топтастыруға ықпал етуі тиіс. Еліміздегі тыныштық пен тұрақтылықты сақтауда да журналист қауымына жүктелетін жауапкершілік зор. Қазақ елінің іргесі кеңейіп, мәртебесінің артуына журналистер көп еңбек сіңірді», - деді М.Тәжин.

ҚР Президентінің сыйақысын «Алаш айнасы» газетінің редакторы Серік Жанболат пен «Еуразия» 1- арнасының бас директоры Сергей Киселев иеленсе, Президент гранттарын «Астана» телеарнасындағы «Сырласу» бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі Әйгерім Әбілдина мен «Хабар» арнасының тілшісі Артем Истомин қанжығаларына байлады. Ал «Актюбинский вестник» газеті, «Алау» телерадиокомпаниясы, «Дружные ребята» газеті мен «Tengrinews.kz» ақпарат агенттігінің шығармашылық ұжымдарына Президент атынан алғыс хат берілді.

«Журналистерге арналған Президент сыйлығы мен гранты бұдан 16 жыл бұрын тағайындалды. Жыл өткен сайын бұл конкурстың маңызы мен деңгейі өсіп келеді. Биыл үміткерлерге қойылатын талап айтарлықтай арта түсті. Сондықтан, марапатқа бүгін ең лайықты, ең үздік журналистер мен ұжымдар ие болды деп есептеймін», - деп түйіндеді ол.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

журналистика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!