Әлемге әйгілі опера жұлдыздары Алматыда өнер көрсетуде

Фотография - Әлемге әйгілі опера жұлдыздары Алматыда өнер көрсетуде

Әлемге әйгілі Моника Тароне, Джанлука Терранова, Пьетро Риццо Алматыда.

314 0

Әлемге әйгілі Моника Тароне, Джанлука Терранова, Пьетро Риццо Алматыда.

Мәртебелі меймандар қатысуымен Абай атындағы опера және балет театрында «Опералия» VIII  халықаралық музыка фестивалі өтуде. Шара биыл елімізде 8-ші рет ұйымдастырылып отыр. Верди, Пуччини сияқты классиктердің тундыларын жерлестеріміз әйгілі опера әртістерінің орындауында тамашалады. Әлемдік опера жұлдыздарының концерті Астанада жалғасады.

Вильям ГРАЦИОЗИ, фестивальдің продюсері:

- Астанада жаңа опера театры нағыз заманауи үлгімен салынған.  Жарықтандыруы өте керемет. Театрдың техникалық мүмкіндігі мен акустикасын «Ла Скала», «Ковент-Гарден» сияқты әлемдегі ірі театрлармен теңестіруге болады. Сондықтан опера жұлдыздарының онда өнер көрсететіні айрықша оқиға болмақ. Біз опералия фестивалін биыл сегізінші рет ұйымдастырып отырмыз. Бұл тек артистер арасындағы әріптестікті арттырып қана қоймай мемлекеттердің мәдени ынтымақтастығын дамытады деген сенімдеміз.


Тегтер:

музыка

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!