Көкшетауда журналистер «Екі жұлдыз» жобасы аясында ән салды

Фотография - Көкшетауда журналистер «Екі жұлдыз» жобасы аясында ән салды

Көкшетауда ақпарат және байланыс қызметкерлері күніне орай «Екі жұлдыз» жобасы ұйымдастырылды. Онда журналистер кәсіби музыканттармен қосылып, ән салды.

1363 0

Көкшетауда ақпарат және байланыс қызметкерлері күніне орай «Екі жұлдыз» жобасы ұйымдастырылды. Онда журналистер кәсіби музыканттармен қосылып, ән салды.

Жобаға республикалық, облыстық, қалалық БАҚ өкілдерінен құралған 11 жұп қатысқан.

ҚР Еңбек сіңірген әртісі Шолпан Дүкімбаева басшылық еткен қазылар алқасы журналистер мен әншілердің өнерін бағалады. Кеште «Мама Мария» ( «Литер», «Око» газеттерінің меншікті тілшілері, «Интерфакс» АҚ Сәуле Құсайынова мен Андрей Баженов), «Туған жер» ( «Курс» газетінің тілшісі Сергей Харитоненко мен Истина Швецова), «Помолимся за родителей» ( «Акмолинские вести» газетінің бас редакторы Оксана Матасова мен Руслан Богданов), «Королева» («Любимый город» газетінің тілшісі Әлия Баймұқанова мен Андрей Белый) сияқты әндер орындалды.

Қазылар алқасының шешімімен «Акмолинские вести» газетінің тілшісі Николай Габовда мен Алла Беш гран-при иеленді.

Бірінші орын «Любимый город» газетінің фототілшісі Илья Шакиров пен Евгения Коротковаға, екінші орын Оксана Матасова мен Руслан Богдановқа берілді. Ал Әлия Баймұқанова мен Андрей Белый үшінші орынға лайық деп танылды.

Өзге қатысушылар «Классикалық жанр», «Креативтік жұп» сияқты аталымдар бойынша марапатталды.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

журналистика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!