Елордада «Астана» атты жинақтың тұсауы кесілді

Фотография - Елордада «Астана» атты жинақтың тұсауы кесілді

Бүгін Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада Астананың 15 жылдығына орай «Астана» атты жинақтың тұсауы кесілді

161 0

Бүгін Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада Астананың 15 жылдығына орай «Астана» атты жинақтың тұсауы кесілді.

Жинаққа «Егемен Қазақстан» газетінде 1994 жылдан бері жарық көрген мақалалар, сұхбаттар мен өлеңдер топтастырылған. Онда Ә. Кекілбаев, М. Жолдасбеков, Қ. Тоқаев, Қ. Сұлтанов, М. Қасымбеков, О. Мұхамеджанов және басқа да елімізге белгілі қайраткерлердің естелік-эсселері, сондай-ақ, Х. Әбжан, А. Смайыл, Н. Оразалин, Қ. Тәукенов сияқты тарихшылар мен қаламгерлердің зерттеу еңбектері бар.

Жинақ тарауларында хронологиялық тәртіппен орналастырылған түрлі жанрдағы туындылардың оқырмандарға берер дерегі мол, айтары көп. Кітап 1000 таралыммен басылып шығып, еліміздің кітапханаларына үлестірілмек.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!