«Жалғыз рейнджер» фильмінің қазақ тіліндегі нұсқасы көрермендерге жол тартты

Фотография - «Жалғыз рейнджер» фильмінің қазақ тіліндегі нұсқасы көрермендерге жол тартты

«Жалғыз рейнджер» фильмінің қазақ тілді дубляжі «Нұр Отан» ХДП қолдауымен жасалды

193 0

«Жалғыз рейнджер» фильмінің қазақ тілді дубляжі «Нұр Отан» ХДП қолдауымен жасалды.

«Болашақ» қауымдастығы мен «MARWIN» компаниясы көпшілік назарына «Жалғыз рейнджер» фильмін ұсынады, онда басты рөлді белгілі голливудтық актер Джонни Депп орындайды. Жоба «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы мен «Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен іске асырылды»,-делінген таратылған мәліметте.

2013 жылғы 2 шілдеде Астана және Алматы қалаларында әлемдік премьерадан бір күн бұрын дубляж жасаған актерлердің, Қазақстанның зиялы, іскер және саяси ортасының өкілдерінің қатысуымен фильмнің алдын ала көрсетілімі өткізілді. Көрсетілімге қазақ тілін дамыту үшін осы жобаларды іске асыруға жетекшілік жасап отырған «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары, «Болашақ» қауымдастығы Кеңесінің төрағасы Бауыржан Байбек қатысты. «Жалғыз рейнджер» - қазақ тіліне аударылған алтыншы голливудтық фильм. Бұл қазақ тілді кино әуесқойлары аудиториясын кеңейтуге мүмкіндік береді, мемлекеттік тілді дамытуда маңызды қадам болып табылады. «Нұр Отан» партиясы қоғамымыздың мәдени, отбасылық құндылықтарын сақтауға белсене араласуда», - деп атап көрсетті Бауыржан Байбек.

2011 жылдан бастап «Көліктер-2», «Қара киімділер-3», «Батыл жүрек», «Жаңа Өрмекші адам» фильмдері қазақ тіліне дубляжданды. Астана күні қарсаңында «Болашақ» қауымдастығы әріптестерімен бірге қазақстандықтарға 2013 жылдың жаңалығы - «Монстрлар Университеті» және «Жалғыз рейнджерді» сыйға тартты.

Қазақстанда «Жалғыз рейнджер» Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының актері Бейбіт Камарановтың дауысымен сөйлейді. Үндіс Тонтоны «Жаужүрек мың бала» фильмінде басты рөлдердің бірін сомдаған Берік Айтжанов дубляж жасады, оның дауысын Джонни Депп өзі бекітті. Басты жағымсыз кейіпкерлерді М. Әуезов атындағы драма театрының актері, ҚР еңбек сіңірген әртісі Төлебек Аралбаев пен Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының актері, ҚР еңбек сіңірген әртісі Балтабай Сейітмамытов дыбыстады. Барлығы жобаға 28 актер қатысты.

Автордың ойын толық жеткізу үшін ағылшын тілінен тікелей қазақ тіліне аударма жасалды, бұл диснейлік жаңа кино кейіпкерлері сөйлеген 22-ші тіл болды. Фильмнің дубляжы қазақстандық Cinema Tone Production студиясында жүргізілді, қазақ нұсқасының режиссері Айжан Жәмшитова, редактор-қалыптаушылары - Тұрысбек Сәукетаев пен Салтанат Дүнгенбаева.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!