"Кітап" Кореяда көрсетіледі

Фотография - "Кітап" Кореяда көрсетіледі

 Ақын, журналист, енді бағын кино саласында сынап көрген режиссер Ербол Жұмағұловтың «Кітап» психологиялық фильмінің әлемдік премьерасы 3-12 қазан аралығында Оңтүстік Кореяда өтетін 18-ші Пусан халықаралық кинофестивалінде көрсетілетін болды.

260 0

 Ақын, журналист, енді бағын кино саласында сынап көрген режиссер Ербол Жұмағұловтың «Кітап» психологиялық фильмінің әлемдік премьерасы 3-12 қазан аралығында Оңтүстік Кореяда өтетін 18-ші Пусан халықаралық кинофестивалінде көрсетілетін болды.

«Кітап» фильмі фестивальдің A Window on Asian Cinema («Азия киносына терезе») секциясына өткен.

- Әлемдік деңгейдегі сарапшылардың менің туындымды таңдап алғанына өте қуаныштымын. Бұл фестивальге қатысудың өзі жеңіспен тең. Сол үшін осы шараға біздің елдің атынын шығу мен үшін бақыт, - дейді фильмнің режиссері Ербол Жұмағұлов.

Фильм жарнама агенттігінде креатив директоры болып қызмет ететін Оңғар есімді жігіт жайында. Ол бір күні қасиетті Құранды оқып көріп, өмірі жайлы ойлана бастайды...

Қазақстан көрермендеріне бұл картина 2014 жылы көктемде ұсынылады деп жоспарланып отыр.

1996 жылдан бері өткізіліп келетін Азиядағы ең ауқымды Пусан кинофестивалі негізі қаланғанан бері кино саласына енді қадам басып келе жатқан режиссерлердің туындыларына басымдық қояды. 2012 жылы бұл фестиваль аясында әлемнің 75 елінен 304 фильм көрсетілген. Осы уақытқа дейін Пусан кинофестиваліне «Қазақфильм» студиясының «Сталинге сыйлық», «Келін» және «Студент» фильмдері қатысқан. 


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!