Астанада Халықаралық «Шаттық» фестивалі басталды

Фотография - Астанада Халықаралық «Шаттық» фестивалі басталды

 Бүгін Астанада «Бозторғай» Халықаралық фестиваль қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жас таланттардың «Шаттық» фестивалі басталды.

165 0

 Бүгін Астанада «Бозторғай» Халықаралық фестиваль қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жас таланттардың «Шаттық» фестивалі басталды.

Елордамыздың 15 жылдығына арналған «Шаттық» халықаралық жас таланттар фестиваліне Қытай, Ресей, Болгария, Латвия, Түркия,Грузия,Тәжістан, Әзірбайжан, Қырғызстан мен Өзбекстанның өнерпаздарымен қатар еліміздің әр аймақтарынан 350-ден астам жас таланттар келді.

Астана аспаның бес күн бойы әуенмен әуелетіп, Есіл бойын би ырғағына тербететін жас таланттар фестиваліне қатысушылар вокал, хореграфия, сән театры, халықтық орындаушылық, біртума жанрлары бойынша өнер көрсетпек.

Фестивальдің мақсаты елдер арасындағы шығармашылық байланыстарды нығайтып, өзге ұлт өкілдерін қазақ өнеріне қатыстыру.

Барлық қатысушыларға байқау қорытындылары бойынша лауреат атағы және  арнайы әзірленген Астанадан базарлық сыйлықтары беріледі.

 


Тегтер:

елорда

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!