«Астана-Арқау» фестивалі 6 елдің ән дәстүрін біріктірді

Фотография - «Астана-Арқау» фестивалі 6 елдің ән дәстүрін біріктірді

Көпшілікті «Астана-Арқау» түрік музыкасының фестивалі  үлкен әсерге бөледі. Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан,

194 0

Көпшілікті «Астана-Арқау» түрік музыкасының фестивалі  үлкен әсерге бөледі. Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан,

Өзбекстан  және Түркіменстаннан келген 400 музыкант Астана сахнасында өздерінің дәстүрлі өнерлерін көрсетті.

«400-ден астам әртіс шақырылып еді, солардың барлығы да келді. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, шетелдік қонақтар да уақытында жетті. Біз соған қуаныштымыз»,-дейді фестиваль ұйымдастырушысы Игорь Фролов.

astana.kz сайтының жазуынша, концерттің  негізгі тақырыптарының бірі - «фольклорлы өмір» деп аталады.  Музыкасы жеке аспаптан бастап эпикалық шығармаларға дейін сан түрлі жанрларда ұсынылып отыр. Фестиваль қонақтары  «Хуун Хуур Ту», «От Эне», «Наво» топтары және басқа да әншілер мен ұжымдардың тамаша музыкалық композицияларын көріп, құлақ құрышын қандырар әуендерін тыңдады.

Түркі музыкасының фестивалін «Хуун Хуур Ту» тобы жапты. Елорда тұрғындары мен қонақтары 6 шілдеде «Хан шатыр» СОО-да тува тобының жан жадыратар көмей әндерінен тағы бір сусындады.


Тегтер:

елорда

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!