Есіл үстінде классикалық музыка әуені әуеледі

Фотография - Есіл үстінде классикалық музыка әуені әуеледі

Үш күн бойы Есіл өзені жағасында дәстүрлі классикалық музыка әуеледі. Бұл елордалықтарды джаз, классика мен симфониялық музыка қанатында тербеген «Әуен - ағыс» кеші еді

778 0

Үш күн бойы Есіл өзені жағасында дәстүрлі классикалық музыка әуеледі. Бұл елордалықтарды джаз, классика мен симфониялық музыка қанатында тербеген «Әуен - ағыс» кеші еді, деп хабарлайды елорданың ресми сайты.

«Алматының опера және балет театры Джузеппе Вердидің «Травиата» операсын көрсетті. Биыл әлемде Джузеппе Вердидің 200 жылдық мерейтойын атап өтіп жатыр. Соған арнап Вердидің «Травиата» қойылымын қойдық. Альфред пен Виолеттаның партиясын айтуға арнайы Румыниядан екі әнші шақырдық», -деді «Әуен - ағыс» классикалық музыка кешінің қоюшы-режиссері Қуаныш Оразғалиев.

Екінші кеште көпшіліктің сүйіктісіне айналған Джузеппе Вердидің төрт көріністі «Травиата» операсы ерке Есілдің үстінде алғаш рет орындалды. Көпшіліктің көңілінен шыққан әсерлі кеш Астана мен Алматы қалаларының джаз орындаушыларының концертімен аяқталды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!