Баян Есентаева «Тракторшы махаббаты» атты жаңа телехикая түсіріп жатыр

Фотография - Баян Есентаева «Тракторшы махаббаты» атты жаңа телехикая түсіріп жатыр

Осы күзде қазақстандық телехикаялар қоржыны «Тракторшы махаббаты» атты жаңа телехикаямен толықпақ

492 0

Осы күзде қазақстандық телехикаялар қоржыны «Тракторшы махаббаты» атты жаңа телехикаямен толықпақ. 

Он алты сериадан тұратын телехикаяның продюсері – Баян Есентаева, режиссері – Асқар Ұзабаев.

Сценарий бойынша телехикаяның бас кейіпкері Белла жеке кәсіпкерге тұрмысқа шығуға дайындалып жатады. Алайда ол аяқ астынан есін жоғалтып, тағдырдың жазуымен ауылға келіп, сонда тракторшы жігітке ғашық болып қалады...

«Басында екі тілде көрсетілу жоспарланғандықтан телехикая алғашында қалада, кейінінен басты кейіпкер ауылға келіп, осы жерде біртіндеп қазақша сөйлеп, қазақи дәстүрге, өмірге үйрене бастауы қазақ тілінде түсірілді дейді» дейді телехикаяның режиссері.

«Тракторшы махаббаты» телехикаясының сценариін «Махаббат және көгершіндер» мен «Қыздар» атты фильмдерге негіздей отырып, Данияр Күмісбаев пен Асқар Ұзақбаев жазған.

Баян Есентаеваның жаңа туындысының басты рөлдері «КешYOU» тобының әншісі Кәмшат Жолдыбаева мен «Ликвидатор», «Махамбеттің қылышы» атты фильмдерден таныс Берік Айтжановқа бұйырған. Сондай-ақ, ауыл әкімінің рөлі Димаш Ахметов сомдаса, оның әйелінің рөлін көпшілікке «Тамаша» арқылы танымал Гүлжан Қалыбаева сомдайды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!