Бейбіт Қорғанмен дуэт орындағым келеді — Сон Паскаль

Фотография - Бейбіт Қорғанмен дуэт орындағым келеді — Сон Паскаль

26 жастағы итальялық әнші Сон Паскаль қазақстандық әнші Бейбіт Қорғанмен дуэт орындағысы келетінін айтты. Астананың 15 жылдық мерейтойына арналған концерт барысында журналистермен кездескен өнер иесі осылай деді

372 0

26 жастағы итальялық әнші Сон Паскаль қазақстандық әнші Бейбіт Қорғанмен дуэт орындағысы келетінін айтты. Астананың 15 жылдық мерейтойына арналған концерт барысында журналистермен кездескен өнер иесі осылай деді.

Ұлты итальяндық болса да соңғы жылдары Қазақстанға қоныс аударып, қазақ тілінде ән шырқап жүрген Сон Паскаль бірқатар отандық эстрада жұлдыздарының талантына тәнті екенін жасырмады.

«Мен қазақ эстрадасындағы Батырхан Шүкенов, Роза Рымбаева және Бейбіт Қорғанның шығармашылықтарын жоғары бағалаймын. Бұл әншілер өз істерінің шеберлері. Тіпті, мен Бейбіт Қорғанмен қосылып ән орындағым келеді»-деді әнші.

Естерңізге сала кетейік, Сон Паскаль Wasted time атты алғашқы альбомын 2008 жылы шығарған. 2012 жылы ол продюсері Әнуар Нұрпейісовпен бірге Englishman in Shymkent ("Шымкенттегі ағылшын") клипін түсірді. Ол ән Стингтің Englishman in New York ("Нью-Йорктегі ағылшын") әні клипіне пародия ретінде жасалған.

Кейін оның You should speak Kazaksha ("Қазақша сөйлеуге тиіссің") клипі шықты. Әншінің соңғы шыққан әні Zhanym Sol ("Жаным сол") деп аталады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!