Құрманғазының 190 жылдығына арналған күй байқауы мәреге жетті

Фотография - Құрманғазының 190 жылдығына арналған күй байқауы мәреге жетті

12 шілде күні Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлының 190 жылдығына арналған «Күй алыбы - Құрманғазы» атты аймақтық-республикалық домбырашылар байқауы мәреге жетті

795 0

12 шілде күні Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлының 190 жылдығына арналған «Күй алыбы - Құрманғазы» атты аймақтық-республикалық домбырашылар байқауы мәреге жетті.

Облыс әкімдігі, облыстық мәдениет басқармасы және халық шығармашылығы орталығы ұйымдастырған күй сайысына Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда және Батыс Қазақстан облысынан барлығы жиырма үміткер қатысты.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, күйші Айтжан Тоқтаған бастаған қазылар алқасының шешімімен үш турдан тұратын сайыстың алғашқы екі кезеңі бойынша он екі үміткер іріктеліп, финалға жолдама алды.

Байқау қорытындысында Ғ.Құрманғалиев атындағы БҚО филармониясы Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің домбырашысы Ақылбек Бектасов бас жүлдені иеленсе, тағы бір оралдық жас талант Жарас Сатыбалдиев бірінші орынға көтерілді. Атыраулық Қайрат Жұмағалиев пен маңғыстаулық Асылбек Дәулетияров - екінші, қызылордалық Сандуғаш Тұрғанбекқызы, оралдық Арман Қыдырәлиев, атыраулық Махамбет Сәбитов үшінші орынды еншіледі. Бес домбырашы дипломант атанды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!