Glee телехикаясынан танымал актер Канададағы қонақүйден өлі күйінде табылды

Фотография - Glee телехикаясынан танымал актер Канададағы қонақүйден өлі күйінде табылды

Американдық аса танымал Glee ("Хор") телехикаясына түскен актер Кори Монтейттің денесін қонақүй қызметкері тапқан, полицияның дерегі бойынша актер бөгде біреудің қолынан өлді деуге келмейді.

166 0

Американдық аса танымал Glee ("Хор") телехикаясына түскен актер Кори Монтейттің денесін қонақүй қызметкері тапқан, полицияның дерегі бойынша актер бөгде біреудің қолынан өлді деуге келмейді.

31 жасар Монтейттің өлім себебі анықталып жатыр. Актер қонақүйден уақытында шықпай қойғандықтан, мәселені анықтауға кірген қонақүй қызметкері оны бөлмеден өлі күйінде тапқан. Қайтыс болған сәтте ол жалғыз болған деп болжануда.

Американдық БАҚ-тардың мәліметіне сенсек актер сәуір айында нашақорлық тәуелділіктен арылу үшін емдеу орталығының көмегіне жүгінген.


Тегтер:

кино

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!