Мэрилин Монроның бұрын көрсетілмеген бұйымдары аукционға шығарылды

Фотография - Мэрилин Монроның бұрын көрсетілмеген бұйымдары аукционға шығарылды

АҚШ-та бұрын жарияланбаған Мэрилин Монроның бұйымдары жарыққа шықты.

222 0

АҚШ-та бұрын жарияланбаған Мэрилин Монроның бұйымдары жарыққа шықты.

Кино әлемінің жарық жұлдызы Мэрилин Монроның көпшілік көрмеген суреттері мен Джеймс Бонд туралы фильмдердің нағыз символына айналған Вальтердің тапаншасы аукционға шығарылды. Тапаншаның бағасы 300 мың АҚШ долларын құрайды. Бұл сауда Калифорния штатында өткізілді. Мұнда Мэрилин Монроның әр жаста түскен 100-ге жуық фотосы қойылған. Бір суретінде жастық шағы, екінші фотода егде тартқан кезі бейнеленген. Бұл суреттердің барлығы өз заманының танымал фотографы Мильтон Гриннің жеке жинаған қорынан алынды. Ол Мэрилин Монроның жақын досы болған. Бұл сауданың басты ерекшелігі фотоларды сатып алған адам сонымен бірге авторлық құқыққа да ие болады. Бұдан басқа, «Музыка дыбыстары» атты фильм кейіпкерлерінің 20-ға жуық костюмі қойылды. Олардың бәрін қосқандағы жалпы бағасы 1 млн. АҚШ долларын құрайды.


Тегтер:

кино

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!