73 жасар Тина Тернердің Швейцариядағы тойына 120 адам жиналады

Фотография - 73 жасар Тина Тернердің Швейцариядағы тойына 120 адам жиналады

Арасынада әлемдік жұлдыздар бар 120 адам жексенбі күні Швейцариядағы Цюрих көлінің көркем жағасына тойға жиналмақ, - деп хабарлайды швейцарлық баспа Schweizer Illustrierte.

232 0

Әнші Тина Тернер мен болашақ жарынан 16 жас кіші музыкалық продюссер Эрвин Бахтың тойы буддалық салт бойынша өтеді.

Арасынада әлемдік жұлдыздар бар 120 адам жексенбі күні Швейцариядағы Цюрих көлінің көркем жағасына тойға жиналмақ, - деп хабарлайды швейцарлық баспа Schweizer Illustrierte.

Жұлдызды жұп неке қию рәсімін Цюрих маңындағы Кюснахта бірнеше күн бұрын өткізген болатын. Ал жексенбі бұл оқиға жұптың керемет вилласында аталып өтпек. Думанды кешке атақты британдық музыкант Дэвид Боуи, американдық тележүргізуші Опра Уинфри, итальяндық әнші Эрос Рамаззотти қатысады деп күтілуде.

Будда дініндегі Теренрдің тойы да будда дінінің рәсімдері бойынша өтеді. Рәсімге қатысушылар ақ киімде болады және әр қайсысы отасқан жұптың қолын жуып, тілектерін жеткізеді екен. Ал неке көйлек Теренердің сүйікті дизайнері Джорджо Арманидің қолынан шыққан.

Тернер 1995 жылдан бері Швейцарияда тұрып келеді. Жақында ол осы елдің азаматтығын алған және азаматтыққа ие болу үшін жұлдыз неміс тілінің маманын жалдаған болатын.


Тегтер:

музыка

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!