«Джокер» атты мистикалық боевик жарық көреді

Фотография - «Джокер» атты мистикалық боевик жарық көреді

"Күнәлар қаласы" стилінде түсірілген ақ-қара түсті фильмнің режиссері Талғат Жәнібеков.

231 0

Қазақстанда жақында «Джокер» атты мистикалық боевик жарық көреді, деп жазды baq.kz kinostan.kz сайтына сілтеме жасап.

"Күнәлар қаласы" стилінде түсірілген ақ-қара түсті фильмнің режиссері Талғат Жәнібеков.

Ағасын өлтіргендерден кек алмақ болған жас жігіт туралы баяндалатын кинотуындының басты рөлдері Денис Литуев, Айсұлу Әзімбаева, Ерболат Тоғызақов және Ресей актері - Виталий Кищенкоға бұйырған.

«Қазақфильм» киностудиясы мен «КТК» арнасының бірлескен жобасы осы жылдың қыркүйегінде көпшілік қауымның назарына ұсынылады деп жоспарланып отыр.


"Джокер" - Талғат Жәнібековтың алғашқы толықметражды режиссерлік жұмысы. Осыған дейін ол бірқатар ресейлік фильмдерге сценарий жазған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!