«Жерұйық» бүкілресейлік Шукшин атындағы кинофестивальге қатысады

Фотография - «Жерұйық» бүкілресейлік Шукшин атындағы кинофестивальге қатысады

Режиссер Тәуекел Сламбектің «Жерұйық» фильмі Алтай өңірінің Барнауыл қаласында 17-23 шілде аралығында өтетін XV бүкілресейлік Шукшин атындағы кинофестивальге қатысады

327 0

Режиссер Тәуекел Сламбектің «Жерұйық» фильмі Алтай өңірінің Барнауыл қаласында 17-23 шілде аралығында өтетін XV бүкілресейлік Шукшин атындағы кинофестивальге қатысады деп хабарлайды «Қазақфильм» киностудиясының баспасөз қызметі.

Сонау 30-жылдары Қиыр Шығыс, Кавказ, Поволжьядан қазақ жеріне жер аударылғандардың жаңа өмірін баяндайтын «Жерұйық» фильмі олардың жаңа өмірі арқылы Қазақстандағы көпұлттылық¬тың пайда болуын көрсетеді.

«Фильм фестивальдің конкурстық бағдарламасына таңдалынып алынғаны және ұйымдастырушылардың картинада қозғалатын тақырыпқа бей-жәй қарамағандығы қуантады», -деді фильмнің режиссері.

Фестивальдің дәстүрлі бас жүлдесі Колыван тас кесу зауыды шығаратын 200 жылдық тарихы бар құмыра (ол Эрмитажда сақталып тұрған атақты «Құмыралар патшайымының» кішірейтілген көшірмесі).

Байқауға қатысатын фильмдердің көрсетілімі Барнауыл, Бийска, Рубцовка, Славгорода, Первомай ауданы мен Шукшиннің туған жері Сростки ауылында өтеді. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!