Шығыс Қазақстанда Шәкәрімнің ескерткіші ашылады

Фотография - Шығыс Қазақстанда Шәкәрімнің ескерткіші ашылады

Алдағы тамыз айының ортасына қарай Абай ауданының орталығы Қарауылда «Дала данышпаны» атанған ойшыл ақын Шәкәрім қажының ескерткіші орнатылады

357 0

Алдағы тамыз айының ортасына қарай Абай ауданының орталығы Қарауылда «Дала данышпаны» атанған ойшыл ақын Шәкәрім қажының ескерткіші орнатылады, деп хабарлайды Аltaynews.kz.

Бұл игілікті шара ақынның 155 жылдық мерейтойына орайластырылып отыр. Жыл сайын дәстүрлі түрде жалғасып келе жатқан ауыл күндері де биыл «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» деген тақырыппен осы атаулы датаға орай өткізілген еді. Қыс бойы ұйымдастырылған игі шаралар барысында қажының артында қалған өшпес бай мұрасы кеңінен насихатталды.

Осы орайда әлгіндей игілікті іс аудан жұртшылығының өз күшімен атқарылып жатқанын айта кеткеніміз жөн болар. Бұл іс осыған дейін Төлеужан ақынның ескерткішін тұрғызған саржалдық талантты мүсінші Ертіс Тәтиевке жүктелген екен.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!