Елордада «Астана-2013» XV авторлық әндердің халықаралық фестивалі өтеді

Фотография - Елордада «Астана-2013» XV авторлық әндердің халықаралық фестивалі өтеді

Алдағы демалыс күндері елордада «Астана-2013» XV авторлық әндердің халықаралық фестивалі өтеді

308 0

Алдағы демалыс күндері елордада «Астана-2013» XV авторлық әндердің халықаралық фестивалі өтеді.

Бұл туралы бүгін БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз мәслихаты барысында «Доминанта» авторлық әндер қорының директоры, халықаралық фестивальдің ұйымдастыру комитетінің төрағасы Мақсат Сәрсенбаев мәлім етті.

«Фестиваль Астанада осымен 15 жыл қатарынан өткелі отыр. Қарап отырсаңыздар, фестиваль елордамен жасты. Ағымдағы жылы мерейтойлық фестивальде бұрынғыдай байқау өткізілмейтін болады. Екі тур бойы жүздеген конкурсанттарды тыңдауға уақыт шығындамайтын боламыз. Тек арнайы шеберлік сыныптары барысында «Грушинский фестиваль» мен «Питерский аккорд» авторлық әндер фестивальдеріне лайықты әншілерді таңдаймыз. Сондықтан биылғы мерекелік шарада біз, әсіресе, қонақтар бағдарламасын барынша түрлендіруге басымдық бердік», - дейді халықаралық фестивальдің ұйымдастыру комитетінің төрағасы.

Ауқымы мен өткізілу деңгейі жағынан аталған фестиваль ТМД-дағы ең маңызды іс-шара болып табылады. 1999 жылы фестиваль халықаралық атауға ие болды.

Биыл байқауға қатысу үшін Астанаға еліміздің әр аймағынан, сондай-ақ Ресей қалаларының өкілдері - Вадим мен Валерий Мищуки, Андрей Козловский, Лидия Чебоксарова, Евгений Быков, Александр Родовский, Жеңіс Ысқақов (Мәскеу), Роман Ланкин және тағы басқалары келеді.

«Астана-2013» XV авторлық әндердің халықаралық фестивалінің ашылуы шілденің 26-сы күні абаттандырылған туристік базада өтіп, шілденің 28-іне дейін жалғасады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!