Бекмамбетовтің сериалы америкалық арналардан көрсетіледі

Фотография - Бекмамбетовтің сериалы америкалық арналардан көрсетіледі

Тимур Бекмамбетовтің "Оз мемлекетінің жауынгерлері" атты шағын сериалы америкалық Syfy арнасынан көрсетілетін болды деп хабарлайды Deadline басылымы.

196 0

Тимур Бекмамбетовтің "Оз мемлекетінің жауынгерлері" атты шағын сериалы америкалық Syfy арнасынан көрсетілетін болды деп хабарлайды Deadline басылымы.

   Режиссердің өз айтуына сүйенсек, ол аталмыш туындыны Фрэнк Баумның классикалық ертегісі негізінде түсірген.

   Фантастикалық экшн жанрындағы фильм сценарийі бойынша жер бетінің қазіргі тұрғындарына Оз мемлекетіне ақырзаман әкелетін сұмырай сиқыршыдан қауіп төнеді. Жексұрынмен күресу үшін бас кейіпкерге Жүрексіз, Мисыз және Қорқақ аталып кеткен "батырлармен" бірігуге тура келеді.

   Қазіргі таңда Бекмамбетовтің өзі режиссер әрі продюсер міндетін қатар атқарып жатқан фильмге сценарий жазушы іздестірілуде. Сериалдың тұсауы қашан кесілетіні әлі белгісіз.


Тегтер:

кино

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!