Дольче мен Габбана бизнестерін жабуы мүмкін

Фотография - Дольче мен Габбана бизнестерін жабуы мүмкін

Сот шешімі бойынша салық төлемегені үшін дизайнерлер Италияның салық органдарына 400 миллион еуро көлемінде айыппұл төлеуі керек. Егер үкім шықса Дольче мен Габбананың сөздеріне қарағанда олар бизнестерін жабуға мәжбүр болады.

167 0

Маусым айында Милан соты Доменико Дольче менСтефано Габбананы миллиард еуроға жуық салықты төлемегені үшін әрқайсысын 8 ай бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Сонымен қоса дизайнерлер 400 миллион еуро айыппұл төлеуі керек. Тергеу бойынша 2004 жылы Люксембургте Dolce & Gabbana Luxemburg sarl және Gado sarl атты екі компания ашылған болатын. Сол кезде танымал сән үйінің басшылығы жалған салық құжаттарын жасаумен айналысқан.

«Біз киім үлгісін қалай жасау керектігін білеміз, біз сәнді киім шығарғымыз келеді», – дейді Стефано Габбана Corriere della Sera газетіне берген сұқбатында. Ал сот үкімі шығып, миллиондаған айыппұлды төлеу керек болғанда не істемексіздер деген сұраққа Дольче: «Біз жабыламыз. Мұндайды көтере алмаспыз. Бұл мүмкін емес», – деп жауап берді.

Тегтер:

Италия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!