Талдықорғандағы ескерткіштерде QR-кодтар пайда болады

Фотография - Талдықорғандағы ескерткіштерде QR-кодтар пайда болады

Ұялы телефонның көмегімен QR-кодты оқып, ескерткіш туралы толық ақпарат алуға болады

233 0

Талдықорғандағы ескерткіштерде арнайы QR-кодтар пайда болады, деп хабарлайды 24.kz. Мұндай бастаманы қалалық жастар ұйымы көтерді.

Ұялы телефонның көмегімен QR-кодты оқып, ескерткіш туралы толық ақпарат алуға болады. Жоба авторлары – бұл жаңалық тек тұрғындар үшін ғана емес, сонымен қатар, туристерге де пайдалы болар еді, дейді. Облыс орталығында көрнекті қоғам қайраткерлеріне 12 ескерткіш орнатылған.

«Іс-шараның мақсаты – тарихымызды насихаттау. Жастарымыз өздерінің өткені мен қайраткерлері туралы білуі керек. Біз жасаған стикерлер уақытша, жазғы маусымға арналған. Алайда, басқарма техникалық мәселелерді шешіп жатыр, таяу арада ескерткіште жыл он екі ай тұратын кодтар әзірленеді», - дейді облыстық Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Рүстем Алпысбаев.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!