«Азия дауысы» фестиваліне 23 жыл

Фотография - «Азия дауысы» фестиваліне 23 жыл

Бүгін Халықаралық «Азия дауысы» фестивалінің алғаш рет байқау өтікзген күні

721 0

Бүгін Халықаралық «Азия дауысы» фестивалінің алғаш рет байқау өтікзген күні.

Алматыдағы Медеу мұз айдынында 1990 жылы 29 шілдеде «Азия дауысы» музыка өнеріндегі танымал әндер мен талантты орындаушылардың бірінші Халықаралық байқауы өтті. Алғашқы байқауда бас жүлдені Өзбекстаннан келген «Карс» тобы жеңіп алды. 1993 жылы «Азия дауысы» Халықаралық фестивальдар ұйымдастыру федерациясына (ФИДОФ) мүшелікке қабылданды. Аталған байқауға арналған «Алтын домбыра» жүлдесін алғашқы жылдары М.Жүнісова, Н.Есқалиева, 1997 жылы Р.Рымбаева жеңіп алды. Бұл фестиваль қазақстандық талантты әнші Бауыржан Исаевтың жұлдызын жаққан өнер бәйгесі болатын. Ол 1996 жылы бас жүлдені жеңіп алған болатын. Дәл осы жылы бұл фестивальге 5 құрлықтың өкілдері қатысып, даңқы алысқа шарлаған.

«Азия даусының» шақыруымен әлемдік өнер жұлдыздары Патрисия Каас, Пупо, Тото Кутуньо, Джимми Саммервиль, Митхун Чакраборти, Сонер Ариджа, А.Пугачева, Ф.Киркоров, В.Леонтьев, “Бони-М”, “Хаддуэй” топтары сияқты әлемдік эстрада майталмандары Медеу мұз айдыны сахнасында конкурстан тыс бірнеше мәрте өнер көрсетті.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!