«31 арна» «Ең үздік киноарна» болып танылды

Фотография - «31 арна» «Ең үздік киноарна» болып танылды

31 арна «Mass Media Star» фестивалінде «Ең үздік киноарна » деген марапатқа ие болды. Бұқаралық ақпарат құралдарына арналған салтанатты кеш биыл үшінші рет өтті. Қазақстандықтардың арасында ашық сауалнама жүргізу арқылы өткізілген бұл сайыста «31 арна» өзгелерден дара болып бірінші орынды иеленді

269 0

31 арна «Mass Media Star» фестивалінде «Ең үздік киноарна » деген марапатқа ие болды. Бұқаралық ақпарат құралдарына арналған салтанатты кеш биыл үшінші рет өтті. Қазақстандықтардың арасында ашық сауалнама жүргізу арқылы өткізілген бұл сайыста «31 арна» өзгелерден дара болып бірінші орынды иеленді.

«Mass media star awards 2013» фестивалінің ұйымдастырушысы Асқар Кеңесұлының айтуынша, бұл шара осыдан үш жыл бұрын Қазақстанда бастау алған. Осы жылы мереке үшінші рет өтіп отыр. Біз үшін бұл үлкен мәртебе.

Елімізде "Бұқаралық ақпарат құралдарына арналған Оскар" деп аталатын бұл фестивальға 10-ға жуық телеарна, 3 радио және 12 басылым қатысты. Біздің арнамыз үшін – бұл алғашқы марапат емес. Өткен жылы «31 арнаның» «КазахStar» жобасы «Ең үздік әзіл-сықақ телевизиялық жоба» ретінде «Алтын микрофон» жүлдесін жеңіп алды. Ал Базарбаевтар телехикаясы "Үздік отандық телехикая" атанды.

Бұл жолы 31 арнаның жеңімпаз атануы Шымкент, Астана, Қарағанды және Алматы қаласы тұрғындарының сауалнама қорытындысы бойынша анықталыпты.

«Біз осындай марапатқа иеленгенімізге қуаныштымыз. «31 арнаның» эфирінде «ТМД Уолт Дисней Компаниясы» каталогының кино және анимация өнімдерін лицензиялық көрсету туралы жаңа маусымға келісімге қол қойдық. «Disney» компаниясы – біздің бұрыннан келе жатқан стратегиялық серіктесіміз, біздер көрермендерімізге киноиндустриясының тек үздік фильмдерін көрсетуге тырысамыз», - дейді «31 арнаның» бағдарламалар департаментінің директоры Вела Фидель.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!