Джоли Forbes нұсқасы бойынша ең табысты актриса атанды

Фотография - Джоли Forbes нұсқасы бойынша ең табысты актриса атанды

Жұлдыз бұл рейтінгті екі жыл бұрын бастаған болатын, алайда былтырғы жылы Джоли тек төртінші орынға тұрақтаған. Ал алғашқы орынға вампирлер сагасының жұлдызы Кристен Стюарт суырылып шыққан еді.

230 0

Жұлдыз бұл рейтінгті екі жыл бұрын бастаған болатын, алайда былтырғы жылы Джоли тек төртінші орынға тұрақтаған. Ал алғашқы орынға вампирлер сагасының жұлдызы Кристен Стюарт суырылып шыққан еді.

Анджелина Джоли бір жылда 33 миллион доллар табыс тауып, Forbes нұсқасы бойынша голливудтың ең табысты жұлдызы атағын қайтарып алды, деп жазылыпты журнал сайтында.

Ал былтырғы жылы бірінші болған Стюарт рейтингтің үшінші сатысына түсіп қалды, оның биылғы табысы  22 миллион долларды құрады.

Екінші орын Голливудтың танымал болып келе жатқан жұлдызы Дженнифер Лоуренсқа бұйырды, ол 26 миллион доллар табыс тапқан. Ал ең табысты жұлдыздардың ондығына Дженнифер Энистон, Эмма Стоун, Шарлиз Терон, Сандра Баллок, Натали Портман, Мила Кунис және Джулия Робертс кірді.


Тегтер:

кино

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!