Италияда «Астана Опера» театры симфониялық оркестрінің гастролі өтуде

Фотография - Италияда «Астана Опера» театры симфониялық оркестрінің гастролі өтуде

Ағымдағы жылдың наурыз айында өткен «Қазақстан - балалық шағымның аспаны» атты Қазақстанның Италиядағы мәдениет күндерінің жалғасы ретінде Елшіліктің қолдауымен Италияның Сицилия аймағында бас дирижер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитденовтің басқаруымен «Астана Опера» Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының симфониялық оркестрінің гастролі өтуде

217 0

Ағымдағы жылдың наурыз айында өткен «Қазақстан - балалық шағымның аспаны» атты Қазақстанның Италиядағы мәдениет күндерінің жалғасы ретінде Елшіліктің қолдауымен Италияның Сицилия аймағында бас дирижер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитденовтің басқаруымен «Астана Опера» Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының симфониялық оркестрінің гастролі өтуде. Италия халқына еуропалық классика, қазақ фольклорлық және заманауи музыка шығармалары ұсынылуда. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

25 шілдеде оркестр музыканттары Катания қаласында өнер көрсетті. «Шығыс пен Батыс арасындағы музыка: Еуропа және Қазақстан» ұранымен өткен концерт адамдарды бірін-бірі құрметтеу рухында жақындастыра алатын мәдени диалогтың тамаша үлгісі болды. Жұртшылық қазақстандық музыканттардың көрсеткен өнерін аса жылы қабылдады.

Сицилиядағы қорытынды концерт 31 шілдеде Джела қаласының атақты антикалық театрының сахнасында өтеді. Бұл гала-концертте танымал қазақстандық классикалық және дәстүрлі музыка композиторларының шығармалары орындалады. «Астана Опера» театрының симфониялық оркестрінің гастролі итальяндықтарды біздің елдің мәдениетімен, дәстүрлерімен және музыкалық туындыларымен жақынырақ таныстырудың тамаша мүмкіндігі болып табылады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!