Қазақстандық танымал актер В.Толоконниковке шұғыл түрде ота жасалды

Фотография - Қазақстандық танымал актер В.Толоконниковке шұғыл түрде ота жасалды

«Ит жүрегі» фильміндегі Полиграф Полиграфович Шариковтың рөлімен танылған қазақстандық актер Владимир Толоконниковке Алматыда шұғыл ота жасалды.

211 0

«Ит жүрегі» фильміндегі Полиграф Полиграфович Шариковтың рөлімен танылған қазақстандық актер Владимир Толоконниковке Алматыда шұғыл ота жасалды. Қазір жансақтау бөлімінен кардиология бөліміне шығарылған актердің жағдайын дәрігерлер қанағаттанарлықтай деп бағалап отыр, деп хабарлайды YTPO.ru.

Толоконниковты Қазақстан президенті істері басқармасының орталық клиникалық ауруханасында жүрегіне жасалатын жоспарлы отаға дайындаған болатын, деп хабарлады режиссер Константин Харалампидис. Бірақ оның жағдайының нашарлап кетуіне байланысты дүйсенбі, 29 шілдеде кардиохирургтардың ота жасауына тура келді.

«Бүгін актер Владимир Толоконниковты жансақтау бөлімінен кардиология бөліміне шығарды», – деді аурухана қызметкерлерінің бірі. Дәрігер емделушінің жағдайы қанағаттанарлықтай екенін айтты. 

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

кино

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!