Иманжүсіп Құтпанұлының 150 жылдығына арналған айтыс өтті

Фотография - Иманжүсіп Құтпанұлының 150 жылдығына арналған айтыс өтті

Павлодар облысының Ақсу қаласында халық ақыны, руханият әлеміндегі қаһарман тұлғалардың бірегейі, композитор, асқақ рухты күрескер Иманжүсіп Құтпанұлының 150 жылдығына арналған ақындар айтысы өткізілді.

407 0

Павлодар облысының Ақсу қаласында халық ақыны, руханият әлеміндегі қаһарман тұлғалардың бірегейі, композитор, асқақ рухты күрескер Иманжүсіп Құтпанұлының 150 жылдығына арналған ақындар айтысы өткізілді.

Айтысқа Баянауыл, Ақтоғай аудандары мен Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларынан 17 айтыскер қатысты.

Айтыстың І-інші айналымынан мәре айтысқа 4 жұп ақын өтті. Олар: Аспанбек Шұғатай – Баянауыл ауданы, Алмагүл Жүгінісова – Екібастұз қаласы, Қайрат Нұрғанат – Баянауыл ауданы, Азамат Мұқажан – Ақтоғай ауданы, Қуаныш Шарманов – Павлодар қаласы, Тілек Сейітов – Баянауыл ауданы, Оңғар Қабденов – Павлодар қаласы, Рауан Қайдаров – Екібастұз қаласы. Мәре айтысты бірінші болып Баянауыл ауданынан келген Аспанбек Шұғатай мен Екібастұз қаласының айтыскері Алмагүл Жүгінісова ашты. Айтыстың нәтижесінде бас жүлде Павлодар қаласынан келген Қуаныш Шармановтың тоқымына байланды. І – орынды Аспанбек Шұғатай, ІІ – орынды Оңғар Қабденов, ІІІ - орынды– Алмагүл Жүгінісова иеленді. Сондай-ақ Ақтоғайлық Азамат Мұқажан Ақсу қаласы әкімінің арнайы жүлдесін, ал Екібастұз қаласының айтыскері Рауан Қайдаров «Ең жас ақын» номинациясын жеңіп алды.


Тегтер:

музыка

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!