"Әлем аруы" байқауына алғаш рет өзбек қызы қатысқалы отыр

Фотография - "Әлем аруы" байқауына алғаш рет өзбек қызы қатысқалы отыр

Дәстүрлі "Әлем аруы" байқауына алғаш рет Өзбекстан аруы да қатысатын болды.

412 0

Дәстүрлі "Әлем аруы" байқауына алғаш рет Өзбекстан аруы да қатысатын болды.

Байқау ұйымдастырушыларының сайттарында Өзбекстан атынан арулар сайысына Рахима Ганиева есімді бойжеткеннің қатысатындығын мәлімдеп отыр. Ол шілде айының соңында өз елінде өткен мемлекеттік байқаудың жеңімпазы атанған. Дегенмен, өзбекстандық басылымдар бұл жайында тіс жарған жоқ.

Өзбек аруының өзі болса интрнеттегі жеке парақшасына өз елі туралы қызықты мәліметтер орналастырып үлгерген. Елдің тарихы мен тұлғалары жайында және дәстүрі жайында кеңінен насихаттаған.

Өзбекстан биылғы байқауға алғаш қатысып отырған жалғыз мемлекет емес. Камерун мен Гвинея және Косово сынды елдердің арулары да "Әлем аруы" байқауында алғаш рет бақ сынап көрмек.


Тегтер:

мода

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!