ІХ Халықаралық «Еуразия» кинофестиваліне қатысатын фильмдер

Фотография - ІХ Халықаралық «Еуразия» кинофестиваліне қатысатын фильмдер

Биылғы жылдың 16 мен 21 қыркүйегі аралығында Алматы қаласында өтетін ІХ Халықаралық «Еуразия» кинофестиваліне қатысатын фильмдердің тізімі жарияланды

210 0

Биылғы жылдың 16 мен 21 қыркүйегі аралығында Алматы қаласында өтетін ІХ Халықаралық «Еуразия» кинофестиваліне қатысатын фильмдердің тізімі жарияланды.

   Фестивальдің конкурстық бағдарламасынада 12 толықметражды фильм көрсетіледі. Олардың қатарында: «Сүйкімді» (Италия, 2013), «Анри» (Франция, 2012), «Менің әпкелерім» (Германия, 2013), «Ваджда» (Сауд Арабиясы, Германия, 2012), «Сара, алаңдама» (Германия, 2013), «Ило, Ило» (Сингапур, 2013), «Кезең» (Түркия, 2012), «Ұят» (Ресей, 2013), «Гүлдеуде» (Грузия, 2013), «Құштарлық» (Қырғызстан, 2013), «Зарандуд» (Тәдікстан, 2013) және қазақстандық режиссер Серік Апрымовтың «Бауыр» фильмі.

   Конкурстық бағдарламамен қатар фестиваль аясында дәстүрлі байқаудан тыс «Орталық Азия панорамасы», «Шығыс-Батыс» кинокөпірі, World Cinema Fund, Ресей фильмдері күні, Ерекше оқиға және «Динамикалық қазақ киносы» бағдарламалары көрсетіледі.

   ««Динамикалық қазақ киносы» бағдарламасына 10 кино таңдалынып алынған. Алайда олардың тізімі кейін жарияланады», - дейді ұйымдастырушылар. Ал фильмдерді кинорежиссер Дәрежан Өмірбаев пен Ерлан Нұрмұхамбетов, ІХ «Еуразия» ХКФ директоры Серік Жұбандықов, WCF (World Cinema Festival) директоры Винченцо Буньо және кинофестивальдің арт-директоры Гүлнәр Әбікеева бағалайды.

   ІХ Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі Алматы қаласында 16 мен 21 қыркүйек аралығында өтеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!