"Бажалар" телехикаясының түсірілімі басталады

Фотография - "Бажалар" телехикаясының түсірілімі басталады

Жақында Алматы қаласында режиссер Асқар Бисембин «Бажалар» атты жаңа телехикаяның түсірілімін бастайды

237 0

Жақында Алматы қаласында режиссер Асқар Бисембин «Бажалар» атты жаңа телехикаяның түсірілімін бастайды.

   New York Film Academyде білім алып келген режиссер бұрынырақта Ресейдің «Папины дочки», «Шесть кадров», «Счастливы вместе», «Игрушки» , Қазақстанның «Вузеры», «Айналайын», «Үй болу қиын»  атты телехикаялардың сценариімен жұмыс істеген.

    Асқар Бисембин: "Бұл менің режиссер ретіндегі алғашқы туындым. Бұл телехикаяны маған түсіруге сеніп тапсырғандарына өте қуаныштымын. Менің Лос-Анжелесте алған 2 жылдық білімімнің жемісін көретін кез келді".

   Телехикаяның түсірілімі 20 тамызда басталып 30 қыркүйек күні аяқталады. Бүгінгі күні «Бажалар» фильміне кастинг жүріп жатыр.

   "Бажалар" алдағы уақытта «Еларна» телеарнасынан көрсетілетін болады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!