Бүгін – Шәмші Қалдаяқовтың туған күні!

Фотография - Бүгін – Шәмші Қалдаяқовтың туған күні!

Бүгін әр қазақтың жүрек түкпірінен орын алып, көңіл пернесін дөп басып, ыстық ынтызарлықтың, шексіз сүйіспеншіліктің төлқұжатындай болған әндердің авторы – Шәмші Қалдаяқовтың туған күні

283 0


Бүгін әр қазақтың жүрек түкпірінен орын алып, көңіл пернесін дөп басып, ыстық ынтызарлықтың, шексіз сүйіспеншіліктің төлқұжатындай болған әндердің авторы – Шәмші Қалдаяқовтың туған күні.


Талай  әншінің бағын ашып, өнерге жолдама алып берген әсем әндер бүгінде әркімнің көкейінде.


«Қайықта», «Дүнген қызы», «Ақ бантик», «Кешікпей келем деп ең», «Қуаныш вальсі», «Әнім сен едің» секілді алты Алашты кезген 300-ден аса асқақ ән жазған Шәмші - бүгінгі күнге дейін қазақ музыкасындағы ең тұғырлы сазгер. Байлық пен атаққа белшесінен батпаса да, қалың қазақтың алақанында өткен аңыз адам.


Шәмші – Батыс өнеріндегі вальсті қазақ топырағына, қазақ табиғатына жақындатып, ұлтымыздың төл өнері санатына қосып жіберген композитор. Содан да оны елі  аса құрметтеп, «Қазақ вальсінің королі» атаған.


Мұхтар Әуезов Шәмші саздарын Ақан, Біржан өнерпаздығынан кейінгі «жыл келгендей жаңалық» сезіндіретін үздік құбылыс ретінде бағалаған.


Сазгер әндері көкөрім жасты ғана емес, ересектердің де, сан түрлі мамандық, алуан түрлі ұлттардың  да көңілін баурап алды. Халық арасында әсіресе, отаншылдық, елшілдік нотасын дөп басқан «Менің Қазақстаным» туындысы айрықша мәшһүр болды.


1986 жылы Желтоқсан көтерілісіне қатысушы ұл-қыздар Алматы алаңдары мен көшелерінде Шәмшінің осы әнін ұрандай шырқап шықты.


2005 жылдан «Менің Қазақстаным» туындысы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны болып бекітілді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!