Ақтөбеде Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай мемориалды тақта орнатылды

Фотография - Ақтөбеде Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай мемориалды тақта орнатылды

Ақтөбеде ән әлемінің дарабозы Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай композитордың атындағы көшеде мемориалды тақта ашылды. Мемориалды тақта Қалдаяқов пен Тургенев көшелерінің қиылысында орнатылған

178 0

Ақтөбеде ән әлемінің дарабозы Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай композитордың атындағы көшеде мемориалды тақта ашылды. Мемориалды тақта Қалдаяқов пен Тургенев көшелерінің қиылысында орнатылған. Тақтаны ашу құрметіне мәдениет саласының ардагері Өтеміс Әкімов пен композитордың ұлы Мұхтар Қалдаяқов ие болды.

Мерекелік іс-шараға композитордың шығармашылығын құрметтеуші қауым, Шәмші атындағы қор белсенділері мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Жиында сөз сөйлегендер композитордың отандық және әлемдік мәдениеттегі үлкен орнын, қазақстандықтардың Шәмші әніне деген зор махаббатын атап өтті.

Ш. Қалдаяқов 1930 жылы 15 тамызда дүниеге келген.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!