Аргентинада тангодан чемпионат басталды

Фотография - Аргентинада тангодан чемпионат басталды

 Аргентина астанасында танго биінен чемпионат басталды. Шараға қатысу үшін Буэнос-Айреске әлемнің 36 елінен бишілер барған. Олар чемпионаттың алғашқы күні салондық танго дәрежесінде бақ сынасты

252 0

 Аргентина астанасында танго биінен чемпионат басталды. Шараға қатысу үшін Буэнос-Айреске әлемнің 36 елінен бишілер барған. Олар чемпионаттың алғашқы күні салондық танго дәрежесінде бақ сынасты.


Бұл би түрі баяу қозғалыстардан тұрады және қатысушылардан орындаудағы дәлдікті талап етеді. Ал бүгін жарыс сахналық танго бойынша өтеді. Онда әділ қазылар қатысушыларды бидің виртуозды техникасы мен акробаттық икемділігі бойынша саралайды.


Екі дәреже бойынша үздік танго бишілері тамыздың 26-27-інде белгілі болады. Жеңімпаздар 7 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы алады.

Танго биі соңғы кездері көпшіліктің жүрегін баураған. Өткен жылы Буэнос-Айреске танго фестивалін тамашалауға әлемнің түкпір-түкпірінен 70 мыңдай адам арнайы барған.  


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!