Прокаттағы отандық фильмдердің үлесі 5-ақ пайыз

Фотография - Прокаттағы отандық фильмдердің үлесі 5-ақ пайыз

Бұл туралы бүгін Астанада өткен «Қазақстан жастарын патриоттық рухта тәрбиелеудегі ұлттық тарихтың рөлі» тақырыбындағы жиында «Қазақфильм» АҚ президенті Ермек Аманшаев мәлім етті.

483 0

Бүгінде Қазақстанның кинопрокатындағы отандық фильмдердің үлесі 5-ақ пайызды құрап отыр. Бұл туралы бүгін Астанада өткен «Қазақстан жастарын патриоттық рухта тәрбиелеудегі ұлттық тарихтың рөлі» тақырыбындағы жиында «Қазақфильм» АҚ президенті Ермек Аманшаев мәлім етті.

Оның хабарлауынша, өткен жылы Қазақстан прокатына 285 фильм шықққан. Соның 225-сі - АҚШ-тың кинотуындылары, 48-сі ресейлік фильмдер болса, 14-і ғана Қазақстанға тиесілі. «Сондықтан бүгінгі кинопрокаттағы отандық фильмдердің үлесі тек 5 пайызды ғана құрап отыр. Бұл ретте қазақстандық фильмдердің санын арттырудың маңызы зор. Біз 20 пайыздық үлес туралы айтамыз. Бұл – 40-45 фильм. Оны шығару қиын болса, жылына 20-25 фильм шығарып, 10 пайыздық үлесімізді сақтап отырсақ қой... Бәсекеге араласуға мүмкіндігіміз болар еді», - дейді Е.Аманшаев.


Тегтер:

кино

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!