Абайдың балалық шағы туралы мультфильм түсіріледі

Фотография - Абайдың балалық шағы туралы мультфильм түсіріледі

 Қытайдың Үрімші қаласындағы қазақтар мен «Қазақфильм» киностудиясы бірігіп, Абайдың балалық шағы туралы  3D форматындағы көпсериялы мультфильм түсіруді жоспарлап отыр

414 0

 Қытайдың Үрімші қаласындағы қазақтар мен «Қазақфильм» киностудиясы бірігіп, Абайдың балалық шағы туралы  3D форматындағы көпсериялы мультфильм түсіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы aikyn.kz сайты хабарлады.


Мультфильмнің әр бөлімі 13 минуттан тұрады. Барлығы 104 серияға созылады. Қазақ, қытай, орыс, ұйғыр тілдерінде шығарылып, бірнеше шетел тілдеріне аударылады.


«Абай жолы» анимациялық компаниясының директоры Ғұсман Қажытай: «Абайдың идеясы – бүкіл адамзаттың идеясы. Балалар Абайдың балалық шағын біліп ержететін болса, қазақтың кім екенін біле алады», - дейді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!