Абай әндерін жапон жастары сүйсіне тыңдады

Фотография - Абай әндерін жапон жастары сүйсіне тыңдады

Семей қаласындағы Абай алаңында ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін қалаушы Абай (Ибраһим) Құнанбаевтың туғанына 168 жыл толуына орай Cемей қалалық ішкі саясат бөлімі Жастар орталығының ұйымдастырумен іс-шара өтті

348 0

Семей қаласындағы Абай алаңында ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін қалаушы Абай (Ибраһим) Құнанбаевтың туғанына 168 жыл толуына орай Cемей қалалық ішкі саясат бөлімі Жастар орталығының ұйымдастырумен іс-шара өтті.

Қалалық ішкі саясат бөлімі мамандарының айтуынша, іс-шара барысында домбыраның сүйемелдеуімен Абай әндері орындалып, көрермен халықты бір қуанышқа бөледі. Жиналған көрерменге Абай Құнанбаев жайлы брошюралар таратылды. Қала тұрғындарымен қатар акцияны Жапониядан келген қала қонақтары да тамашалады - деп хабарлады ҚазАқпарат

«Абай жастардың бойындағы кеселді кемістіктерді, арсыздық пен ұятсыздықты, дөрекі надандықты тәрбие және білім беру арқылы жоюға үндеді. Біз де ақының ізгілікті насихаттайтын өлеңдерін қала тұрғындарына және қала қонақтарына әуенмен жеткізуді мақсат тұттық», - деді ұйымдастырушылардың бірі Олжас Мысыров.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!