«Қазақфильм» сырт келбеті сұсты адамды іздеуде

Фотография - «Қазақфильм» сырт келбеті сұсты адамды іздеуде

 Бұл туралы фильмнің режиссері Кенжебай Османов хабарлады.

247 0

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ кастинг жариялады. Бұл жолы киностудия «Арал» фильміне 45-тен 50 жасқа дейінгі сырт келбеті сұсты ер адамды іздестіруде. Бұл туралы фильмнің режиссері Кенжебай Османов хабарлады.

Іздестіріліп жатқан басты кейіпкер сюжет бойынша аралда ғалымның рөлін сомдайды. Ол өлгеннен кейін құқық қорғау органдары оның өмірі жазылған бейнекассета тауып алады. Міне, осы сәттен бастап қазақстандық көрермендер жаңа сюжеттік желіні тамашалайды.

Сонымен қатар фильмнің түсіріліміне қатысу үшін 17-ден 23-ке дейінгі қазақ қызы, 30-35 жас аралығындағы қазақ әйелі мен және дене бітімі жүдеу 11 жасар бала қажет.

Кастинг 30 тамызға дейін «Қазақфильм» киностудиясында өтеді. Фильмді түсіру жұмыстары Балқаш көлінде өтеді.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

кино

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!