«Нағима» XVIII халықаралық кинофестивальге жолдама алды

Фотография - «Нағима» XVIII халықаралық кинофестивальге жолдама алды

Қазақстандық режиссер Жанна Исабаеваның «Нағима» көркем фильмі Пусанда өтетін XVIII халықаралық кинофестивальге қатысатын болды. Бұл туралы фильмнің режисері хабарлады.

177 0

Қазақстандық режиссер Жанна Исабаеваның «Нағима» көркем фильмі Пусанда өтетін XVIII халықаралық кинофестивальге қатысатын болды. Бұл туралы фильмнің режисері хабарлады.

Жанна Исабаеваның айтуынша, ол бұдан басқа Gala Presentation және Торонтода өтетін беделді кинофестивальге қатысуға шақырту алған. Алайда, режиссер өз туындысының халықаралық деңгейдегі алғашқы көрсетілімін Пусанның еншісіне қалдырған.

«Мен Пусан кинофестивалін жақсы көремін. Бізге осындай мүмкіндік бергені үшін қуаныштымын. Бұл киноны түсіруде бізде қаржылай дағдарыс болды десем өтірік айтпаспын. Алайда, 12 адамнан құралған ұжым, өз міндетін жоғары деңгейде атқарды. Шығармашылық жағынан ешқандай да шектеу болмады. Туындыны небәрі 11 күннің ішінде түсіріп біттік», - деді Жанна Исабаева.

Пусанда өтетін халықаралық киофестивальге қазақ режисерлерінен Ербол Жұмағұлов та қатысатын болды. Ол өзінің «Кітап» атты туындысын жолдаған екен. Бұл көркем фильмде басты рөльді «Ликвидатор» фильмінде ойнаған Берік Айтжанов сомдады. Ал басты рөльдегі әйел бейнесін ресейлік Юлия Зимина алып шыққан болатын.


Тегтер:

кино

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!