"Астана Опера" театры сахнасында әлемдік жұлдыздар өнер көрсетеді

Фотография - "Астана Опера" театры сахнасында әлемдік жұлдыздар өнер көрсетеді

 Еліміздің бас театрының сахнасында 4 күн бойы әлемдік деңгейдегі жұлдыздар өнер көрсетеді. «Астана Опера» Үлкен театрмен (Мәскеу), Мариин театрымен (Санкт-Петербург), Италия театрлары: Teatro dell’Opera di Roma (Рим) және La Fenice (Венеция) бірге ұсынады:

260 0

«Астана Опера» театрының әлемдік тұсаукесері - жаңа маусымның тек Қазақстандағы ғана емес, сондай-ақ, әлемдік опера мәдениетіндегі басты оқиғасы. Еліміздің бас театрының сахнасында 4 күн бойы әлемдік деңгейдегі жұлдыздар өнер көрсетеді. «Астана Опера» Үлкен театрмен (Мәскеу), Мариин театрымен (Санкт-Петербург), Италия театрлары: Teatro dell’Opera di Roma (Рим) және La Fenice (Венеция) бірге ұсынады:

21 қазанда 2013 жылы – Д. Вердидің «Attila» операсының тұсаукесері.

Музыкалық жетекшісі және дирижері – Валерий Гергиев (Мариин театры, Санкт-Петербург). Қойылым – Pier Luigi Pizzi (Teatro dell’Opera di Roma, Италия), бас партияларды орындайтындар – Ильдар Әбдіразақов, Анна Маркарова (Мариин театры, Санкт-Петербург).

Дүние жүзінің 15 елінен келетін әлемдегі ірі театрлар – La Scala, Covent Garden, Scottish Opera, Opera National de Lyon, опералық театрлардың халықаралық одақтары - Opera America, Opera Europa басшылары мен театр өнерінің қайраткерлері тарихи оқиғаның куәгерлері болады.

Әлемдік тұсаукесер аясында «La Fenice» (Венеция) театры ұсынатын «Attila» операсының тұңғыш қойылымының (1846ж) экспонаттары мен Ресейдің Үлкен театры (Мәскеу) ұсынатын өткен ғасырдың экспонаттары, олардың ішінде опера және балет әлеміндегі атақты тұлғалардың костюмдері қойылатын ерекше көрме өтеді.

22 қазанда 2013 жылы – Классикалық музыка жұлдыздарының гала концерті. Қатысатындар: Денис Мацуев, Светлана Захарова, Әлібек Дінішев, Сергей Накаряков, Сергей Крылов, Ольга Перетятько, Майра Керей, Медет Шотабаев, Әлфия Кәрімова, Абзал Мұхитдинов және басқалары.

Дәл осы күні «XXI ғасырдағы опера» атты Халықаралық конференциясы да өтеді. Шараға Franco Soda (Испания), Richard Martet (Франция), Thomas Migge (Алмания) және басқа белгілі музыкалық сыншылар қатысады.

23 қазанда 2013 жылы – Д. Вердидің «Attila» операсы. Дирижері – Antonio Pirolli (Мариин театры, Санкт-Петербург). Қойылым – Pier Luigi Pizzi (Teatro dell’Opera di Roma, Италия), бас партияларды орындайтындар – Ильдар Әбдіразақов, Анна Маркарова (Мариин театры, Санкт-Петербург).

24 қазанда 2013 жылы – «Астана Опера» театры жұлдыздарының гала концерті.


Тегтер:

театр

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!