Қазақстан Республикасындағы Индонезияның мәдениет күндері өтеді

Фотография - Қазақстан Республикасындағы Индонезияның мәдениет күндері өтеді

2013 жылғы 2 қыркүйекте сағат 19:00-де Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасындағы Индонезияның мәдениет күндері аясында өнер шеберлерінің қатысуымен Гала-концерті өтеді

412 0

2013 жылғы 2 қыркүйекте сағат 19:00-де Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасындағы Индонезияның мәдениет күндері аясында өнер шеберлерінің қатысуымен Гала-концерті өтеді. Ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

Гала-концертке индонезиялық Мавар Будая тобы, Бандунги қаласынан Би мектебінің өнері қатысады, сонымен қатар, индонезиялық сән үлгілерінің көрсетілімі болады. 2 – 4 қыркүйек аралығында Бейбітшілік және келісім сарайында Индонезияның мәдениеті мен өнерін жан-жақты таныстыратын фото және тоқыма бұйымдарының көрмесі өтеді.

2013 жылғы 3-4 қыркүйек аралығында сағат 17.00-де және 19.30-да «Сарыарқа» сауда үйінде индонезиялық «Түрлі-түсті әскер» (Laskar Pelangi), «Хабиби және Айнун» (Habibie dan Ainun), «Қызыл және ақ» (Merah Putih) және «Бәрі де Укок үшін» (Demi Ucok) атты фильмдер көрсетіледі.

Барлық көрермендер үшін есік ашық.

Ал, «Индонезияның достары мен мәдениеті» атты сурет көрмесі өтеді. Экспозиция осы елдің мәдениеті мен ұлттық салт-дәстүрінің құндылықтарымен таныстырады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!