Қайрат Нұртас: «Осындай бірдеме болатынын сездім» (фото)

Фотография - Қайрат Нұртас: «Осындай бірдеме болатынын сездім» (фото)

Бүгін Үлттық баспасөз клубында сенбі күнгі орын алған тәртіпсіздіктерге байланысты Қайрат Нұртас пен жұлдыздың анасы әрі продюссері баспасөз жиынын өткізді.

181 0

Бүгін Үлттық баспасөз клубында сенбі күнгі орын алған тәртіпсіздіктерге байланысты Қайрат Нұртас пен жұлдыздың анасы әрі продюссері баспасөз жиынын өткізді.

«Халық та мен де кінәлі емес. Ән айтумды тоқтатқан ұйымдастырушылардың өзі. Интернеттегі видеоны қарасаңыздар да ұйымдастырушының микрофонды өз қолына алып, халықты басуға тырысты. Мен сахнаға қайта шықтым жиналған жұртты сабырға шақырдым, дегенмен ұйымдастырушылар қауіпсіздігіме жауап бере алмайтынын айтып, жалғастырмай-ақ қоюымды өтінді», - дейді Қайрат.

«Біз үйымдастырушылармен жеке концер ретінде емес, қонақ ретінде келуге келіскенбіз. Теледидар арқылы Қайрат Нұртас жеке концертін береді деген жарнама болған емес. Қайрат 40 минуттық жеке бағдарламасымен шығу керек болған.  Бізді нөпір халықтың арасынан әзер дегенде шығарып, көлігімізге отырып кеткенннен кейін де екі көшеден кейін тосып, халық басылып, бізіді қайта шақырар деген үмітпен жарты сағаттай күтіп отырдық», - дейді Қайраттың продюссері Гүлзира Айдарбекова.

Қайрат Нұртас өзінің сахнадан кетуі тек қауіпсіздікке байланысты және ұйымдастырушылар себебінен ғана болғанын, ал сол күнгі оның Айсұлтан Назарбаевтың тойына шақырылмағанын айтады.

Қайраттың қауіпсіздігін неге жұлдыздың командасы ұйымдастырмады деген сұраққа, анасы: «Бізді қонақ ретінде шақырғандықтан ұйымдастырушылар ісіне араласпадық, мұндайды күтпедік. Ал негізі райдер бойынша Қайраттың қауіпсіздігімен 4 немесе 6 жеке қорғаушы және концерт беретін қаланың құқыққорғау органдары айналысады», - деп жауап берді.

Кеше қыркүйектің 1-і күні жұлдыздың Ақтау қаласына барып ашық алаңда Арнау тобы, Тамара Асар сияқты отандық өзге де жұлдыздармен бірге концерт беріп келгенін айта кету керек. Қайраттың ойынша ондағы концерт дұрыс ұйымдастырылғандықтан жоғары деңгейде өткен.

 


Тегтер:

музыка

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!