Тұрсынбек ел аралайды

Фотография - Тұрсынбек ел аралайды

Астана қаласы көңілді тапқырлар театрының диекторы, сықақшы Тұрсынбек Қабатов «Әзіл әлемі» атты жеке концертімен ел ішін араламақ

210 0

Астана қаласы көңілді тапқырлар театрының диекторы, сықақшы Тұрсынбек Қабатов «Әзіл әлемі» атты жеке концертімен ел ішін араламақ, деп жазды  Baq.kz  театрдың концерт бойынша директоры Нағи Бақытбековтің сөзіне сілтеме жасап.

Тұрсынбек Қабатов Астана күні қарсаңында елордалықтардың құрметіне арнап, «Әзіл әлемі» атты жеке шығармашылық кешін өткізген болатын. Күні кеше аталмыш кештің жалғасы Алматы қаласында үлкен аншалгпен өткен.

Нағи Бақытбековтың айтуынша, актердің жеке концерті 18-19 қыркүйек күндері еліміздің солтүстік аймақтарында яғни Қостанай Петропавл қалаларында өтеді деп жоспарлануда.

Жуырда Қазақстан КВН құрамасының ойыншысы Тұрсынбек Қабатов «Триод и Диод» командасында өнер көрсететіні белгілі болды.

Ойынның ережелері бойынша, Сочидегі жазғы КВН Кубогы кезеңінде қатысушы команда өз құрамасына КВН-ның үш жұлдызын шақырады алады. Жазғы Кубокқа екі команда қатысады – өткен маусымның чемпиондары. Бұл жолы әзілкештер сынында «СОК» және «Триод и Диод» командалары бақ сынасады. Смоляндықтар шақырған жұлдыздар қатарында Тұрсынбек Қабатов ("Казахи"), Заурбек Байцаев ("Пирамида" командасының торғайы) және Игорь Ласточкин (Днепропетровск құрамасынан) бар.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!